Қарағандыда есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы қамауға алынды Ержан Құлжақаев. © Ok.ru

Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы Ержан Құлжақаев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шахтинск қалалық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы Ержан Құлжақаев, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шахтинск қалалық сотына сілтеме жасап.

"Осыған дейін бөтеннің мүлкіне қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған полиция полковнигі Ержан Құлжақаев сот отырыстарына қатыспағандығы үшін қамауға алынды. Судья Евгения Зинина құқық қорғау органдарының тарапына сотталушыны іздестіріп, қамауға алу туралы қаулы шығарған. Кейін экс-шенеунік ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады соттағылар.

Ал сотталушы сотқа Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында емделгендігі туралы анықтама әкеліп берген. Алайда сот оның бұл ісін қулыққа барды деп, ойдан шығарылған сылтау екендігін айтты. 

Мұның алдында Шахтинск соты Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы Ержан Құлжақаевқа қылмыстық іздеу жариялаған еді. Құлжақаевқа алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланған. Оның үстінен есірткіге тәуелді жергілікті әйел арыз жазған. Келіншектің айтуынша, экс-басшы оның Mercedes маркалы автокөлігін алдап алып, сатып жіберген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети