05 қазан 2015 13:51

Қарағандыда есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Құлжақаев. © ok.ru Ержан Құлжақаев. © ok.ru

Шахтинск соты Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы Ержан Құлжақаевқа қылмыстық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.


Шахтинск соты Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың экс-басшысы Ержан Құлжақаевқа қылмыстық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.

Құлжақаевқа алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланған. Оның үстінен есірткіге тәуелді жергілікті әйел арыз жазған. Келіншектің айтуынша, экс-басшы оның Mercedes маркалы автокөлігін алдап алып, сатып жіберген. Көлік иесінің өтінішін Құлжақаев назарға алмаған. Әйел өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар беріпті. Бұл уақытта полковник экстремизммен күрес жөніндегі басқармада жедел уәкіл болып қызмет атқарып жатқан.

Ержан Құлжақаевқа қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Экс-полицей өз кінәсін толықтай мойындап, автомобильді әйелге қайтарып берді. Алайда бұдан кейін Құлжақаев соттың шақыруына мойынсынбағандықтан оны отырысқа жасауыл арқылы әкелу туралы шешім қабылданған. 

"Судья Евгения Зинина құқық қорғау органдарының тарапына сотталушыны іздестіріп, қамауға алу туралы қаулы шығарған. "Кепіл арқылы босату" түріндегі бұлтартпау шарасын сот "тергеу изоляторына қамау" түріне өзгертті", - деп хабарлады соттағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети