Қарағандының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғалды ©Ярослав Радловский

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы полицейлері Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік келтіріп отыр. Тергеудің пайымы бойынша, ол 2013 жылы "ЮТЭКС" ЖШС директорына өзінің Қарағандыдағы жеке үйіне компания есебінен жөндеу жүргізуді заңсыз міндеттеген. Құрылыс фирмасы несиелік мемлекеттік баспаналарды тұрғызу бойынша мердігер болған. Алдын ала бағалау бойынша, Смағұловтың үйіне жүргізілген жөндеудің құны бес млн теңгеден асады.

Еске сала кетейік, Смағұлов 2014 жылдың 24 маусымында Қарағанды қаласының әкімі қызметінен кеткен болатын. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жұмыстан өз еркімен кетті. Ол қаланы 2012 жылдың күзінен бері басқарды. Оған дейін Смағұлов облыстық құрылыс басқармасының бастығы, Саран қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір Қарағандыда жаңа әкім - Нұрлан Әубәкіров. Ол бұған дейін Балқаш қаласын басқарды. Қала әкімі ауысардан бұрын, Қарағанды облысына да жаңа басшы тағайындалған болатын. Аймақты қазір Нұрмұхамбет Әбдібеков басқарады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети