Қостанайда бір түнде жеті автокөлік ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда бір түнде жеті автокөлік ұрланды ©rg.ru

Қостанайда бір түннің ішінде жеті көлік ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері Қостанайда 18 автокөлік ұрланып, 11 қылмыс ізі суымай ашылды. Ұрланған көліктердің басым бөлігі - Қостанай облысында тіркеуде тұрған "ВАЗ" маркалы автокөліктер.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 16-сынан 17-сіне қараған түні "ВАЗ-21214", "ВАЗ-21144", "ВАЗ-2114", "ВАЗ-2114", "ВАЗ-2114", "ВАЗ-2114", "ВАЗ-2170" ("Нива") маркалы жеті автокөлік ұрланған. Айта кетейік, ұрланған көліктер туралы толық мағлұматты Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің сайтынан көруге болады.

Көлік ұрлығының көбеюіне байланысты Қостанай ІІД басшысының бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлер жасағынан тұратын жедел - іздестіру тобы құрылды. Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Ақмола облысында 16 жастағы жасөспірімнің бір түнде үш автокөлікті ұрлап әкеткені хабарланған болатын. Жасөспірім жасаған қылмысын мойнына алды, бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің "Көлік ұрлау", "Ұсақ жымқыру" және "Көлік ұрлауға қастандық жасау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ата-анасының кепіл болуымен босатылды.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети