06 қаңтар 2015 17:42

Ақмола облысында жасөспірім бір түнде үш көлікті ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©avto-ass.com ©avto-ass.com

Ақмола облысында 16 жастағы жасөспірім бір түнде үш автокөлікті ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысында 16 жастағы жасөспірім бір түнде үш автокөлікті ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмол ауылының 1949 жылы туған зейнеткер тұрғыны аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, 5 қаңтарға қараған түні гаражынан Volkswagen Passat автокөлігінің ұрланғанын айтқан. Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні бірден тапты, ол - осы ауылдың 16 жастағы тұрғыны. 

Құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімнің сол түні тағы екі көлікті айдап әкеткенін анықтады. Ол ауыл тұрғындарының Volkswagen Vento және Nissan Primera автокөліктерін мініп кетіпті. Бұған қоса, бозбала тұрғындардың бірінің Mazda Tribute көлігінен ақша да жымқырған. 

Жасөспірім жасаған қылмысын мойнына алды, бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің "Көлік ұрлау", "Ұсақ жымқыру" және "Көлік ұрлауға қастандық жасау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ата-анасының кепіл болуымен босатылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы жасөспірімнің Porsche Cayenne көлігін ұрлап әкеткені үшін сотталғаны хабарланған еді. Жасөспірім қылмыс жасаған кезде мас болған. Автотұрақта жұмыс істеген бала бастығының кабинетін де тонаған. Сот оның бостандығын екі жылға шартты түрде шектеумен бірге анасын автотұрақ клиентінің зақымданған машинасы үшін 700 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети