11 желтоқсан 2020 14:10

Ірі көлемде есірткі сатпақ болған павлодарлық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда полиция қызметкерлері 139 келі есірткі сатпақ болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодарда полиция қызметкерлері 139 келі есірткі сатпақ болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аса ірі көлемде есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстаған.

Полиция ер адам есірткіні еліміздің оңтүстік өңірінен Павлодарға жеткізіп, оны сатумен айналысқанын анықтаған.

Күдіктінің көлігін тексеру барысында жүк салғыштан салмағы 139 келіден асатын 3 қап табылған. Оның ішінде жасыл түсті өсімдік болған.

Сараптама қорытындысы оның марихуана есірткісі екенін көрсетті.

"Күдікті қамауға алынды. Бұл факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети