Режиссер Талгад Жәнібеков екі айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Талгад Жәнібеков екі айға қамауға алынды

Қылмыстық істер бойынша Медеу аудандық соты кеше ұсталған режиссер Талгад Жәнібековке қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық істер бойынша Медеу аудандық соты кеше ұсталған режиссер Талгад Жәнібековке қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот бұлтарпау шарасы ретінде Талгад Жәнібековті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды", - деді Алматы қалалық сотының Ақпаратпен қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов.

Осылайша, режиссер 2017 жылдың 28 ақпанына дейін тергеу изоляторында қамауда болады. Режиссердің адвокаты  Серік Айтбаев сот үкіміне шағым түсірмекші.

Еске сала кетейік, кеше "Феникс" фильмінен қаражат жымқырды деген күдікпен режиссер Талгад Жәнібеков ұсталған болатын. "Бүгін оны "қылмыс орнында құрықталды" деп ұстап әкетті. Ұстау туралы қаулыда солай жазылған. Күлкілі. 72 сағатқа ұстау үшін адам қылмыс орнында ұсталуы керек", - деп хабарлаған еді режиссердің адвокаты Серік Айтбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети