28 желтоқсан 2016 15:17

"Феникс" фильмінен қаражат жымқырды деген күдікпен режиссер Талгад Жәнібеков ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Талгад Жәнібеков ұсталып, Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне күдіктінің адвокаты Серік Айтбаев хабарлады.


Режиссер Талгад Жәнібеков ұсталып, Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне күдіктінің адвокаты Серік Айтбаев хабарлады.

"Бүгін оны "қылмыс орнында құрықталды" деп ұстап әкетті. Ұстау туралы қаулыда солай жазылған. Күлкілі. 72 сағатқа ұстау үшін адам қылмыс орнында ұсталуы керек", - деп хабарлады Серік Айтбаев.

Бұған дейін Талгад Жәнібеков ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Адвокатының айтуынша, бұлтартпау шарасын өзгертуге прокурордың немесе тергеу судьясының санкциясы қажет.

"Сондықтан осындайды ойлап тапқан, 72 сағат ұстау үшін. Бізге 1000 АЕК көлемінде кепілақы беру туралы ресми түрде хабарлады, сонда ғана барлығы жақсы болады екен", - деді адвокат.

Талгад Жәнібеков "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне арналған қаражаттың жымқырылуы ісінде күдікті. Тергеудің мәліметінше, режиссерге сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе жұмсап қойды деген күдік келді. Оның кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркілене отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, осы даулы фильм бойынша белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталып, кейін кепілақымен босатылған еді. Ол 79 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Кейін ол өз кінәсін мойындап, қаражаттың 6 миллион теңгесін қайтарған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, әртіс "Қазақфильмге" қарызды өндіріп беруге уәде еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети