Ресейлік Қазақстаннан самурай семсерін алып өтпек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік Қазақстаннан самурай семсерін алып өтпек болған © ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Қазақ-ресей шекарасында орналасқан Қостанай шекара отрядына қарасты "Қайрак теміржол" бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Астанадан Санкт-Петербург қаласына кетіп бара жатқан азаматқа шекаралық бақылау жасағанда оның сөмкесінен суық қаруды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



© ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Суық қару самурайдың семсері болып шыққан. Оны 27 жастағы ресейлік азаматқа достары сыйлаған көрінеді. Семсердің ұзындығы жарты метрге жуық, ені - 2,5 сантиметр, қалыңдығы - 5 миллиметр, қылпылдаған ұстарасының ұзындығы - 29 сантиметр болып шықты. Салмағы 1 100 грамм екен. "Шекарашылардың қырағылығы болмағанда бұл жәдігер шекара асып кете барған болар еді. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +34
Ақтау +34
Ақтөбе +28
Атырау +30
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +40
Қызылорда +31
П
Павлодар +24
Петропавл +29
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +26
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер