16 қыркүйек 2021 11:22

Ресей Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеуді тексереді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Томирис Байсафа Томирис Байсафа

Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталған барлық мән-жайды баяндауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталған барлық мән-жайды баяндауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей Тергеу комитеті мәліметінше, 2018 жылы қайтыс болған ММХҚИ студентінің анасы әлеуметтік желіде Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге институт проректорына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш білдірді.

"Әйел университет басшысы қыздың өліміне кінәлі жігіттің отбасымен таныс болғандықтан, қылмысты жасыруға ықпал еткенін айтады. Бұған дейін алқаби жігітке ақтау үкімін шығарған болатын, кейін Мәскеудің Никулин соты оны ақтаған. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым жазды, өткен айдың соңында іс Мәскеу қалалық сотына жіберілді", - деді ведомство өкілі.

Бастрыкин өзінің қоластындағыларға тергеудің барлық кезеңін баяндауды, қыздың өліміне әкелген оқиғаны зерттеп, нақты есеп беруді тапсырды.

Томирис Байсафаның анасы Tengrinews.kz редакциясына берген сұхбатында іс бойынша жаңа деректер барын айтқан болатын.

Бұған дейін айыпталушыны алқабилер қыздың өліміне кінәсі дәлелденбеді деп ақтап шығарған болатын. Кейін Мәскеу соты Муртузали Меджидовті Томирис Байсафаны өлтірді деп тағылған айыптан ақтағаны белгілі болды. 

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болған.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети