30 шілде 2020 14:21

Ресейде әйелі күйеуінің мәйітін бөлшектеп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kkkartrait Фото: instagram.com/kkkartrait

Санкт-Петербургтағы пәтерлердің бірінде украиналық рэпер Энди Картрайттың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Neva.Today интернет газетіне сілтеме жасап.


Санкт-Петербургтағы пәтерлердің бірінде украиналық рэпер Энди Картрайттың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Neva.Today интернет газетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Versus Battle бағдарламасының қатысушысы Энди Картрайт төрт күн бұрын есірткіні шектен тыс пайдалану салдарынан қайтыс болған. Оның бөлшектенген мейіті Невск даңғылында орналасқан пәтердің тоңазытқышынан табылған.

Энди Картрайттың мейітін бөлшектеп тастады деген күдікпен оның әйелі қамауға алынды. Полицияға түсінік берген әйелі күйеуінің есірткіден қайтыс болғанын айтқан. Ол жұбайының өлімін қаламаған. Тек оның мәйітін жасырмақ болған.

Пәтерде полиция пышақ, балға, қол ара, тегене мен тақтаны тәркілеген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Энди Картрайт (@kkkartrait)

Айта кетейік, Энди Картрайт ресейлік Versus Battle бағдарламасына қатысып, танымал болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети