1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ресейде баласын сатқан қазақстандық әйел ұсталды 28 ақпан 2021, 10:36

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды. Оның нәресте үшін 13 мың доллар алғанын Краснояр өлкесінің тергеу бөлімі хабарлады,-
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: siapress.ru Фото: siapress.ru

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды. Оның нәресте үшін 13 мың доллар алғанын Краснояр өлкесінің тергеу бөлімі хабарлады,- деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тергеу барысында әйелдің Камбоджадағы арнайы процедурадан кейін жүкті болып, босану үшін Красноярскіге келгені анықталды. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық көмек көрсетілген. Ол жаңа туған нәрестесін бірден алаяқтарға тапсырған.

"2020 жылғы сәуірде әйел ұлын босанып, кейін баласына туу туралы куәлік алып, күдіктілерге сенімхат жазып берген. Осылайша Қазақстан азаматы іс жүзінде жаңа туған баласын сатып жіберген. Кейін ол Қазақстанға келіп, баланы бергені үшін 13 мың доллар мөлшерінде ақша алған", - деп хабарлады Краснояр өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша Ресей Мемлекеттік тергеу комитеті өкілдері.

Іс бойынша үш күдікті анықталды. Тергеушілер мәліметіне сүйенсек, баланы сатуға тәртіп сақшысы көмектескен. 33 жастағы ер адам ақша үшін бала көтеруге дайын әйелдерді тауып, кейін балаларын шетелдіктерге сатқан. Осылайша тоғыз сәбиді сатып үлгерген. Олардың бәрі қазір Сәбилер үйінде. Екі немесе одан да көп адамды дәрменсіз жағдайда сату дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!