15 қазан 2020 17:42

Ресейде полицей қазақстандық трансгендерді өлтірді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Басаковская. Фото: © ok.ru Виктория Басаковская. Фото: © ok.ru

Ресейде полиция қызметкері қазақстандық трансгендер Виктория Басаковскаяны өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tайга.инфо сайтына сілтеме жасап. 


Ресейде полиция қызметкері қазақстандық трансгендер Виктория Басаковскаяны өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tайга.инфо сайтына сілтеме жасап. 

Бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Ресейге көшіп кеткен трансгендер Виктория Басаковская өлі табылған. Оны өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы жігіті ұсталған. Ол полицияда жұмыс істеген.

Бұрын Виктория (Николай - ескерту) сіңлісі және әжесімен бірге Петропавлда тұрған. Ол мектепті бітірген соң Ресейге көшіп кеткен, Түмен, Челябі, Омбы қалаларында білім алған. Оның соңғы тұрғылықты мекенжайы Новосібірде болған.

Сайттың мәліметінше, 2019 жылы Виктория Денис Калинин есімді полиция қызметкерімен танысқан.

"Оған дейін Виктория басқа адаммен кездескен. Ал Денис оны қызғанып, оған күш те көрсетіпті. Виктория Дениске бірнеше рет шағымданған. Ол қызды "ұрып", "тұншықтырған". Сондай-ақ, Викторияның жақын құрбыларының айтуынша, сержант оны аңдып, қызды үйінің кіреберісі жанында күзеткен", - делінген Tайга.инфо таратқан ақпаратта.

2020 жылдың көктемінде олар ресми түрде қарым-қатынасын тоқтатқан. Алайда соған қарамастан екеуі кездесіп жүрген. Осы жылдың қазанында Виктория Бурмистровода өткен кешке барған. Онда Денис болған. Кейін оның құрбысына күдік тудыратын хат келген. Онда Виктория Дениске дейін кездескен бұрынғы жігітіне барғысы келетінін жазған. 

"Мені мазалаудың керегі жоқ, өтініп сұраймын. Барлық жасаған ісің үшін саған ризамын", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бұл хатты Викторияның атынан Денис жазуы ықтимал. Осы уақытта Виктория өліп қалған болуы мүмкін. Порталдың мәліметінше, Денис телефонды пайдалану үшін құрбанының саусағын кесіп алған болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Денис Калинин жоғалған қызды іздеуге де қатысқан. Ол бір аптадан соң күдіктіге айналған. Полиция айғақ беру кезінде оның шатасқанын анықтаған.

Денис 12 қазанда ұсталды. Тергеу комитетінің мәліметінше, ол полицияға 13 қазан күні түнде Викторияның мәйіті қайда жатқанын көрсеткен. Қыз Бурмистрово ауылынан 700 метр жерден табылған.

Тергеу мәліметі бойынша, ол қызды өлтіріп, денесін ауылдан алып кеткен. 20 жастағы полиция қызметкері Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Кісі өлтіру" бойынша) кінәсін мойындаған.

"Жауап алу кезінде ол қыз оған ар-намысына тиетін сөздер айтқанын, салдарынан жанжал туындағанын айтқан", - делінген Тергеу комитеті таратқан хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети