05 мамыр 2022 16:12

Ресейде іздеу жариялаған алаяқ Шымкентте ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ресейде іздеу жариялаған алаяқ Шымкентте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейде іздеу жариялаған алаяқ Шымкентте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, іздеуде жүрген 25 жастағы Ресей азаматы Шымкентте жасырынып жүрген.

1997 жылы туған азамат Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде ұсталды. Көрші мемлекеттің полицейлері айыпталушыны есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, дайындағаны және өңдегені үшін, ал Алматы полицейлері оны бірқатар алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін іздестірген.

"Мәлімет бойынша, азамат Е. түрлі сайттарға пәтерлерді төмен бағамен беремін деген жалған хабарландыру орналастырған. Өзіне хабарласқан адамдардың сеніміне кіріп, жалған келісімшарт жіберіп, жүз пайыз алдын ала төлем алғаннан кейін ұялы телефонын өшіріп хабарсыз кететін болған. Тінту кезінде одан бірнеше абонет нөмірлері табылды. Сонымен қатар, аударымдар жүргізілген банктік деректемелер белгіленді. Қазір алаяқтықтың 16 дерегі дәлелденді. Олар бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы полковник Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел уәкілдер алданған адамдар көп болуы мүмкін екенін ескертті.

"Ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап, осы азаматтың әрекетінен зардап шеккендердің барлығына мына телефондарға қоңырау шалуды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-771-1371; 8-705-555-7763; 254-46-12 және 254-46-08", - деді Ысқақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети