29 наурыз 2019 10:51

Ресейге 92 дана пышақ алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Шекарадан Ресейге 92 дана пышақ алып өтпек болған өзбекстандық 28 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шекарадан Ресейге 92 дана пышақ алып өтпек болған өзбекстандық 28 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметіндегілердің мәліметінше, ер адам Ақтөбе шекара жасағының "Жайсаң авто" бөлімшесінде ұсталған. Пышақтардың жалпы құны 250 000 теңге деп есептеліпті.

Сондай-ақ, өткен тәуліктерде "Астана" шекаралық бақылау бөлімінің шекара жасағының Nursultan Nazarbayev халықаралық әуежайында, Сарыағаштық шекарашылар "Қапланбек", "Жібек жолы" өткізу пункттерінде құжаттарына қазақстандық миграциялық полицияның мөрін қолдан жасап қойып алған Тәжікстанның бір азаматы мен Өзбекстанның 7 азаматын, Lexus RX 200 автокөлігінің қолдан жасалған тіркеу куәлігімен Өзбекстанға қарай өтпек болған Тәжікcтанның 24 жастағы тұрғынын ұстағаны айтылады.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети