Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Риддердегі дәмханада болған төбелестен бір адам қаза тапты және төртеуі жарақат алды

04 Мамыр 2015, 13:35
0
© artleo.com
© artleo.com

Риддердегі дәмханалардың бірінде болған төбелестің салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атыс 2 мамырда түнгі уақытта болған.

"Қаладағы дәмханалардың бірінде екі келуші сөзге келіп қалды. Жанжалды анықтау үшін тағы бірнеше адам қосылып, олар қоғамдық тәртіпті бұзып, төбелес шығарды. Көшеге шыққаннан кейін төбелес аңшы қаруын қолданумен жалғасты", - деп хабарлады полициядағылар.

Дәмханадағы төбелестің салдарынан оқ жарақатын алған 23-25 жас аралығындағы жергілікті бес тұрғын қалалық ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды. Олар Риддердің тұрғындары. Оқ атқан 23 жастағы жігіт те ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның атына тіркелген 12 калибрлі аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұған дейін Ақтаудағы дәмханалардың бірінде төбелес болып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жан сақтау бөліміне түскен болатын. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелесті екі топ жігіт ұйымдастарған. Төбелес кезінде бір жігіт пышақ жарақатын алды. Ақтаудың 25 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, оның 27 және 29 жастағы екі досы ауыр жарақат алып, облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай