18 сәуір 2022 09:27

Сағатына 230 шақырым. Қызылордада асқан жылдамдықпен жүрген жүргізуші видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Желіде көлік жүргізушісі Қызылорда көшелерінде асқан жылдамдықпен келе жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде көлік жүргізушісі Қызылорда көшелерінде асқан жылдамдықпен келе жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласының тұрғыны Ержігіт Пернебаев Facebook желісінде тәртіп бұзған адам қалалық жолдарда сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтты.

Кадрда жүргізушінің жолда қалай жүргенін, музыканы барынша қосқанын көруге болады. Оны тіпті жол жиегінде тұрған патрульдік көлік те тоқтата алмаған. Видео қызылордалықтардың наразылығын тудырған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі тәртіп бұзған адам анықталғанын атап өтті.

"2022 жылғы 10 сәуірде Назарбаев даңғылы Мемлекеттік кірістер департаменті маңында орналасқан Арқан стационар жылдамдық өлшегіші жергілікті уақыт бойынша 06.05 минутта жылдамдықты арттыру дерегін тіркеді. Mercedes benz көлігі сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жылдамдықты арттыру дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізушіге қатысты шешім шығарылды, оған 20 АЕК (61 мың 260 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Қазір айыппұл өндірілді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети