Сарбазды суицидке итермелеген төрт әскери қызметші сотталды

20 Ақпан 2014, 16:04
0
Сарбазды суицидке итермелеген төрт әскери қызметші сотталды - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский
Ақмола гарнизонының әскери соты көшпелі сот процесі кезінде Қарағандыдағы жедел қызметтің төрт әскери қызметшісіне айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"Сот үш әскери қызметшінің әрқайсысын сегіз жылға бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі калонияға қамауға үкім етті. Ал төртіншісін - алты жылға бас бостандығынан айырды",- деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан" Ақмола гарнизонының әскери соты канцелярасынан.

Іс материалдары бойынша, Қорғаныс министрлігі №5451 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қорлығынан өткен жылдың көктемінде қатардағы жауынгер Ринат Ахмұлдинов бақылау мұнарасында атылып қалған болатын.

Әскери-тергеу басқармасы төрт әскери қызметшінің оны қорлап қана қоймай, сарбаздан ақша бопсалағанын да анықтады. Енді олар жазасын абақтыда өтейтін болады.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай