20 тамыз 2021 10:47

Сәтбаевта белгісіз біреу ер адамды атып кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 41 жастағы ер адамды атып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 41 жастағы ер адамды атып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 20 тамызға қараған түні болған. Белгісіз біреу 41 жастағы ер адамды атыс қаруымен атып қашып кеткен. Жәбірленуші алған жарақатынан қаза тапты.

"Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің және Сәтбаев полиция бөлімінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қылмыстың түрлі нұсқалары тексеріліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметі бұл қылмысты тез арада ашуға барлық күш жұмылдырылғанын айтты. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шарасы жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети