Қарағандыда Сатбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деп айыпталған 55 сотталушыға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда Сатбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деп айыпталған 55 сотталушыға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот 9 сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Олар жазасын орташа және төтенше қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар, 44 сотталушыға төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Тағы екеуі шартты түрде бір жарым жылға сотталды.
Қарағанды облысы Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжебай Ысқақбаев бүгін үкімді жария етті.
Сот талқылауы барысында сотталғандар жергілікті полиция бөлімі мен баланы ұрлаған ер адамның көршілеріне келтірілген материалдық залалды өтегені белгілі болды. Тәртіп сақшы көліктері 26 миллион теңгеге бағаланған. Айыпталушы тарапта - 55 адам. Оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар. Олар ҚР ҚК-нің 272-бабы 1, 2-бөліктері "Жаппай тәртiпсiздiк ұйымдастыру және оған қатысу" және 380-бабы 1-бөлігі "Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру" бойынша айыпталған. Барлық сотталушы прокурорлармен келісім жасасты және кінәсін мойындады.
Еске салайық, былтыр 23 шілдеде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрланған болатын. Сол түні бала жергілікті тұрғындардың бірінің пәтерінен табылды. Бұл дерек бойынша баланы ұрлау және зорлау туралы қылмыстық іс қозғалған. Сәтбаев қаласының тұрғындары кішкентай қызды ұрлады деген күдіктіні өздері жазаламақ болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!