Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: полиция күдіктіні құтқару үшін не істегенін айтты

viewings icon 964 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Скрин видео Скрин видео

Ішкі істер министрлігі Сәтбаев қаласындағы 5 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамды наразы топтан қалай құтқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Сәтбаев қаласындағы 5 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамды наразы топтан қалай құтқарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ішкі істер министрлігі түсірген видео сюжетте айтылған. Роликте Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздіктер туралы толық баяндалады.

Сәтбаевтағы бұзақылық: 15 адам ұсталды

Тәртіп сақшылары қалада жоғалған қызды табу үшін бар күшін салған. Нәтижесінде бейне-бақылау камераларының көмегімен бүлдіршін қаладағы үйлердің бірінен табылған. Видео камерадағы жазбаға сәйкес күдікті оны үйдегі подъездердің біріне алып кірген.

Аяқ-қолы скотчпен байланған қызды полиция диванның астынан тапқан. Ол әлсіз болған әрі қатты қорқып қалыпты.

"Жоғалған бала пәтерден табылды. Оны бірінші тексеру жұмыстарын жүргізген кезде таптық. Әлеуметтік желідегі бұл пәтерде полиция екі рет болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - дейді Қарағанды облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Күдіктіні подъезден шығару өте қауіпті болған. Үйдің сыртындағы наразы топ оны өздері жазаламақ болған. Олар үйді қоршап, подъезді жауып тастаған. Наразы адамдардың саны өсіп жатты. Үйдің алдына шамамен жүздеген адам жиналған. Күдікті тұратын пәтердің терезесіне адамдар тас лақтырған.

Осы сәтте полиция күдіктіні 2 қабат жоғарыға көтерген. Кейін наразы топ күдіктінің үйіне күшпен кірген. 

Бірнеше қылмыстық іс тіркелді - Тұрғымбаев Сәтбаевтағы жағдай туралы

Ашуға ерік берген Сәтбаев қаласының тұрғындары үйде ешкім жоқ екенін түсінген соң, пәтердің астан-кестеңін шығарған. Олар подъездегі үйлердің есігін қағып, ондағы дүние-мүлікті сындырған. Полиция ондағы наразы топты әрең сыртқа шығарыпты.

"Бұл оқиға болып жатқан кезде тәртіп сақшылары күдіктінің киімін ауыстырып үлгерген. Күдікті полицияның киімін киген. Осылайша, полиция оны үйден шығарып, Сатпаев қаласына алып кеткен. Мұны ешкім байқаған жоқ", - делінген сюжетте.

Мұны түсінген наразы топ полиция ғимаратына қарай бет алған. Салдарынан қалада тәртіпсіздік басталған.

"Адамдардың бір тобы полиция бөліміне шабуыл жасай бастады. Соған қарамастан біз қару қолданған жоқпыз", - дейді полиция қызметкерлері.

Ішкі істер министірінің бұйрығымен жарық-дыбысты қол гранатасы пайдаланылған. Осыдан кейін полицияға шабуыл жасағандар кейін шегінген. Алайда қаладағы тәртіпсіздіктер тек таңғы сағат 7-де басылған.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған еді.

Сондай-ақ, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы тәртіпсіздіктерге байланысты бірнеше қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro