30 маусым 2016 18:21

Саят Нәдірбаев Ермегияевтің ісіне қатысты өкініп, кінәсін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саят Нәдірбаев © КТК телеарнасы Саят Нәдірбаев © КТК телеарнасы

Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты күдікті істеген ісіне өкініп, кінәсін толықтай мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, Ермегияевтің оққағары мен сенімді өкілі Саят Нәдірбаевтің кінәні мойындау туралы келісімге келу жөнінде өтініш білдіргені хабарланды.


Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты күдікті істеген ісіне өкініп, кінәсін толықтай мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, Ермегияевтің оққағары мен сенімді өкілі Саят Нәдірбаевтің кінәні мойындау туралы келісімге келу жөнінде өтініш білдіргені хабарланды.

"Осы жылдың 28 маусымында Астана қаласының прокуратурасы түскен өтінішті қабылдап, Нәдірбаевтың айыпты мойындауына байланысты шартты түрде үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға келісім жасалды. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Ұлттық бюроның мәліметінше, Саят Нәдірбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының сенімді өкілі болған. "Ол Талғат Ермегияевтің тапсырысы бойынша қолма-қол ақшаға айналған және ұрланған ақшаларды алған. Барлық ақша ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге жұмсалуы керек болатын. Алайда ол ақшаның барлығын жымқырып, Ермегиявқа беріп отырған. Бұл деректі сотталғандардың бірі Марс Шорманов ("Компания АДС" ЖШС экс-президенті) растап отыр. Ол көрмеге арналған 937 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, оның сенімді өкілі Саят Нәдірбаев арқылы жіберіп отырған", - деп хабарлады ведомстводағылар. Сонымен қатар, Нәдірбаевтің Шормановтан бес рет ақша алғаны және 200 миллион теңгеден 300 миллион теңге көлеміндегі соманы Ермегияевқа бергені анықталды.

"Алайда, Нәдірбаев кінәсін мойындағаннан кейін Талғат Ермегияевтің сенімді өкілдері үйлерінен қашып кеткен. Олар тергеу орындарынан жасырынбақшы болған. Сонымен қатар, Талғат Ермегияевтің ағасы - Н.Молдашев және танысы С.Ережеп Нәдірбаевті түрлі пәтерлерде жасырған", - деді ұлттық бюродағылар.

Айта кетейік, биыл 28 наурызда жемқорлықпен күрес қызметіндегілер іздестіру шараларының нәтижесінде Нәдірбаевті ұстаған болатын.

"Өз кезегінде Нәдірбаевтің әйелі - Аида Нәдірбаева тергеу жұмыстарына кедергі келтіру мақсатында ақпарат құралдарына жалған мәліметтер айтқан болатын. Яғни, ол жемқорлықпен күрес қызметіндегілердің өкілеттікті асыра пайдаланатынын және заңсыз түрде бас бостандығынан шектеп отырғанын айтты. Қазіргі уақытта Нәдірбаевтің ісіне қатысы бар азаматтар ҚР Қылмыстық процестік кодексінің "Қылмысты жасыру" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп қорытындылады сөзін жемқорлықпен күрес қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети