03 маусым 2022 09:03

Семей тұрғыны қызын емдетемін деп жалған емшінің құрбаны болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Семейде қызына ем іздеген тұрғын жалған емшінің құрбаны болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Семейде қызына ем іздеген тұрғын жалған емшінің құрбаны болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамырдың басында Семей қаласының Әуезов атындағы ПБ "102" жедел арнасына 42 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол 2017 жылы көктемде белгісіз әйел қызын емдеп беремін деген желеумен 210 мың теңге алғанын түсіндірді.

"Емдік қабілеті" бар әйел туралы естіген жәбірленуші қызын тері ауруынан емдеуді өтініп, оған жүгінуді ұйғарғаны анықталды. Алайда "емшінің" әрекетінен еш нәтиже шықпаған соң ол полицияға арызданған. Өтінішті қабылдаған тәртіп сақшылары бірден қылмыстың бетін ашуға кіріскен.

Қабылданған шаралар нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 61 жастағы күдіктіні ұстаған. Оған қатысты келіп тіркеліп тұруға міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам кінәсін мойындаған. Ұрланған қаражат тәркіленді.

Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды. Баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети