10 наурыз 2015 10:14

Семейде кісі өлтірген тұрғын құрбанын гримдеп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан ©Tengrinews.kz мұрағатынан

Семейде ер адам бір қызды өлтіріп, қылмысын жасыру үшін марқұмды гримдеп тастаған, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Семейде ер адам бір қызды өлтіріп, қылмысын жасыру үшін марқұмды гримдеп тастаған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Семейдегі қылмыстың материалдарына қарағанда, мас күйдегі жігіт ұйықтайын деп жатқанда оның үйіне көрші қыз келіп, түнеп шығуға рұқсат сұраған. Қыз да мас болыпты және ол ата-анасына көрінуден қорыққан. Айыпталушының айтуынша, одан кейін қыз бұзақылық жасай бастаған. Жігіт оны қуып шығуға әрекеттенгенімен, қыз кетуден бас тартыпты.

Ашуға булыққан жігіт қызды диванға құлатып, бетінен бірнеше рет жұдырықтап, артынан қылғындырған. Қызды өлтіргеннен кейін жігіт мәйіттен қалай құтылуды ойлай бастапты. Ол қыздың өлімі табиғи болғандай етіп жасауға шешім қабылдаған. Сөйтіп, жігіт қыздың бетіндегі қанды жуып, тон беруші кремді тауып, көгерген жерлер мен дақтарға жағып шыққан. Мұның барлығын ол түнімен істеп, мәйітті таңға жуық алып шығыпты. Көшеде адамдар болмаған соң, жігіт қыздың денесін қақпаның алдына қалдырып, үйіне кетіп қалған. 

Жігіт бұл айласымен полицейлер мен сот-медицина сараптамасын алдай алмады. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жігітті айыпты деп таныды. Оған қатаң тәртіптегі колонияда 9,5 жыл жаза өтеуге үкім шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети