24 тамыз 2017 09:27

Шахандағы апатқа кінəлі шенеуніктер жеңіл жазамен құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Шахан кентінде болған апатқа кінәлі 5 бірдей лауазымды тұлғаға қатысты сот процесі аяқталды. 9 адамның өліміне әкеліп соққан оқиғаға жауаптылар 2 жарым жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қарағанды облысының Шахан кентінде болған апатқа кінәлі 5 бірдей лауазымды тұлғаға қатысты сот процесі аяқталды. 9 адамның өліміне әкеліп соққан оқиғаға жауаптылар 2 жарым жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Шахтинск қалалық соты осындай үкім шығарды. Мұны баспасөз қызметі хабарлады. Шенеуніктер ҚР Қылмыстық Кодексінің 370-бабымен ("Ауыр салдарға əкеліп соққан қызметтегі әрекетсіздік") айыпталған. Олар - Шахан қаласының əкімі Марат Жақыпов пен оның орынбасары Əкетай Нəжмиден, əкімдік маманы Мария Жұмабекова мен Шахтинск қалалық əкімдігінің қызметкерлері Алмас Омарханов пен Нұржан Махметова. Бұл бап бойынша күдіктілер 4-тен 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін еді. Шенеуніктер қазандықты орнатып, пайдалануда өрескел заңбұзушылықтар барын біле тұра, ешбір шара қолданбаған. Алайда, жазаның жеңілдеуіне лауазымды тұлғалардың кінəларын мойындауы себеп болған. Іс бойынша жапа шегушілер ретінде 11 адам арызданған.

Еске салсақ, Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандық жаңа жылдың алғашқы түні атылып кеткен еді. Салдарынан үйдің бүкіл бір подъезі құлап, 9 адам қаза тапты. Оның үшеуі бала. Төтенше жағдайдан 4 отбасының пәтері істен шықса, тағы 10 баспана жартылай зақымданған. Сол күні жертөледе пеш жаққан адам оқиға орнынан ізін суытқан еді. От жағушы 3 ай бойы іздеуде болып, кейін оның өлі денесі Саран қаласының маңынан табылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети