Шахтинскідегі боксшының өлімі: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинскідегі боксшының өлімі: күдікті ұсталды

Шахтинск тұрғыны 24 жастағы боксшыны өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шахтинск тұрғыны 24 жастағы боксшыны өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 20 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылып отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді полициядағылар.

Еске салайық, 20 тамызға қараған түні Шахтинск қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен 24 жастағы жігіт жеткізілген болатын. Ол ес-түссіз болған, өкінішке қарай, ауруханада қайтыс болды. Кейін қайтыс болған жігіттің кәсіпқой бокспен айналысқаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.06  course up  585.46  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети