1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Шатастырып алған". Павлодарда ер адам көшеде 13 жастағы қызды тепкілеп тастаған 26 ақпан 2021, 09:08

Павлодарда ер адам көшеде 13 жастағы қыз баланы тепкілеп тастады. Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Ер адам оны қуып барып,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© instagram/pavlo.detka © instagram/pavlo.detka

Павлодарда ер адам көшеде 13 жастағы қыз баланы тепкілеп тастады. Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Ер адам оны қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алайда, көпшіліктің көзінше жасөспірім соққыға жығылса да, ешкім оған араша болмаған. Ал оқушы қыздың анасы оқиға туралы "Астана" телеарнасының журналистеріне айтып берді. 

Оның айтуынша, ер адам 13 жастағы қызды басқа қызбен шатастырып алған. 

"Дүкенде үш қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін ер адамның әйелі менің қызыма екі мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді лайық жазасын алуын сұраймын", - дейді оқушы қыздың анасы. 

Телеарна мәліметінше, аты-жөнін атамауды сұраған әйел адамның сөзінше, қызы түрлі дене жарақатын алған. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырсынып қалған. Тәртіп сақшылары күдіктіні тапқан. Ол кінәсін мойындаған. Полиция оның қылмысы дәлелденсе, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелмек. Әзірше бұл дерек бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!