17 ақпан 2014 14:20

Шекара қызметі басшысының орынбасары тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Астанада лауазымын теріс пайдаланғаны үшін ҰҚК Шекара қызметі директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Серік Әшімбаев тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әшімбаев 13 ақпан күні қамауға алынған. Ол Қылмыстық кодекстің 380-бабы - "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану немесе биліктің әрекетсіздігі" бойынша айыпталып отыр. Шекара қызметі директорының орынбасарын ҰҚК қызметкерлерінің өзі ұстаған. Тұтқындауға 2014 жылдың 11 сәуіріне дейін санкция берілген. Бұған дейін ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов Әшімбаевқа тұрғын үй сатып алуға бөлінген мемлекеттің 300 млн теңге қаражатын жымқырды деген күдік келтірілгенін хабарлаған еді. Шенеуніктің қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін қозғалған қылмыстық істі Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры тергеп жатыр. "Әскери ортада жемқорлықпен қатал күрес жүріп жатыр. Мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау мәселелері бойынша жекелеген тексерулерді жедел бақылау тәржірибесі Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінде қылмыстық жолмен баюдың күрделі схемасын анықтауға мүмкіндік берді", - деген болатын Ерғали Мерзадинов бұған дейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети