Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Шекара қызметі экс-шенеунігінің ісі сотқа берілді

03 Маусым 2014, 19:54
0
©1tv.ru
©1tv.ru

ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Серік Әшімбаевтың ісі сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Әшімбаев пен оның әріптесі Нұғмановқа және Шекара қызметі мамандарымен қылмыстық келісім жасады деп айыпталып отырған Astana Finance Union ЖШС директоры Мұқановқа қатысты іс Ақмола гарнизонының әскери сотына берілді.

Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары Әшімбаев билікті асыра пайдаланып, қылмыстық келісім жолымен бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр. Прокуратураның мәліметінше, қылмыстылар мемлекетке 230 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Тергеушілер лауазымды тұлғалар қаражатты қызметтік пәтерлерге қатысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде жымқырды деп топшылайды. 

Бұған дейін экс-шенеунікке қатысты қылмыстық істі Бас әскери прокуратураның арнайы прокуроры тергегені хабарланған еді. Серік Әшімбаев өткен ақпан айында тұтқындалды. Прокуратура өкілдері әскери салада жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізіліп жатқанын айтты. Мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау мәселелері жөніндегі жекелеген тексерулер барысында Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінде қылмыстық жолмен баюдың күрделі схемасы әшкереленген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай