02 ақпан 2022 16:06

Шекарашылар 300 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз әкетпек болғандарды әшкереледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге қаражатты заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге қаражатты заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 дерегін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтаған.

Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілген.

"ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі көлемде ақша (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажет екенін еске салады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейтілгені хабарланған болатын. Бұйрықты Ұлттық банк Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп қабылдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети