29 қаңтар 2021 09:18

Шекарашылар есірткі алып өтпек болған қазақстандықты иттің көмегімен ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қызметтік ит Линда 200 грамнан астам тыйым салынған затты тасымалдауға тырысқан қазақстандықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызметтік ит Линда 200 грамнан астам тыйым салынған затты тасымалдауға тырысқан қазақстандықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қаңтарда ҰҚК ШҚ-ның Түркістан облысы бойынша департаменті "Жібек жолы" өткізу пунктінде есірткі заттарын контрабандалық жолмен әкелу дерегінің алдын алды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі Instagram-парақшасында хабарлады.

Линда қызметтік итінің көмегімен "режимді бақылау" шекара жасағы өткізу пункітінде қазақстандық азаматты ұстады. Тінту барысында оның денесінен өсімдік тектес есірткі заты табылған.

Сараптама нәтижесінде, тәркіленген заттың салмағы 236 грамм болатын "шикі апиын" есірткісі екені анықталды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети