Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Шекарашылар қырғыз еліне тартылған спирт құбырын тапты

19 Ақпан 2014, 15:06
1
©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
©ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Қазақстандық шекарашылар елімізден қырғыз жеріне қарай жол тартқан спирт арнасын анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» заставасының шекарашылары мемлекеттік шекарадан 200 шақырым жерден диаметрі 40 мм болатын бірнеше метрге созылған шлангті анықтады. Спирт құбырын контрабандашылар жер астымен жүргізіп, оның үстін шөп-шаламмен, тастармен жасырған. Шлангтың басы Сортөбе ауылындағы бір үйдің ауласынан басталады", - делінген хабарламада.

Шекара қызметі мамандарының мәліметінше, үй иесінің айтуына қарағанда, аталған ауланы Р. есімді бөтен адам жалдап тұрған. Қазіргі уақытта шлангінің 5 метрі жерден қазып алынды. Аталған дерек туралы құқық қорғау органдарына хабарланды, материалдар Қордай аудандық қаржы полициясына берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай