03 маусым 2022 17:48

Шие орнына - өрік. Өзбекстаннан контрабанда қалай өткізіледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©kgd.gov.kz Фото: ©kgd.gov.kz

Контрабанда кезінде түрлі схема қолданылады. Өзбекстаннан өткізілген контрабандалық жүк Қазақстанға қандай схема бойынша әкелінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.


Контрабанда кезінде түрлі схема қолданылады. Өзбекстаннан өткізілген контрабандалық жүк Қазақстанға қандай схема бойынша әкелінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

МКК мәліметі бойынша, жаз мезгілінде Өзбекстан Республикасынан жеміс-көкөніс өнімдері мен кептірілген жемістер көптеп әкелінеді, бұған халықаралық сауда кезінде әкімшілік кедергі жасамай, кедендік бақылауды жедел жүргізу қажет.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы аумағына келген көлік құралдарын кедендік жете тексеру нәтижелері бойынша жалпы салмағы 1 000 тоннадан асатын тауарларды декларациядан өткізбеу фактілері анықталған.

"Мысалы, 2022 жылғы 29 мамырда "Сарыағаш станциясы" кеден бекетінде кедендік бақылау кезінде жалпы салмағы 57,8 тонна контрабандалық жүк анықталды (күріш - 30 тонна, итмұрын - 5,7 тонна, науат (шығыс тәттілері) - 1,8 тонна, кептірілген мейіз - 4 тонна, зығыр майы - 2 тонна, халва - 1,8 тонна және т.б.). Құжаттар бойынша "ассортименттегі кептірілген жемістер" тауарлары көрсетілген", - делінген хабарламада.

2022 жылғы 1 маусымда "Қапланбек" кеден бекетінде кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде салмағын 9,7 тоннаға төмендету арқылы, салықты көп қажет ететін тауарды (жаңа піскен тәтті шие) дұрыс емес декларациялау фактісі анықталған.

"Сонымен, "жаңа піскен тәтті шие" орнына ілеспе құжаттарда "жаңа піскен өрік" көрсетілген, оның "тәтті шие" бағасынан бірнеше есе арзан екені белгілі. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жауапкершілікке тартылды", - делінген МКК хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети