29 қазан 2019 12:54

ШҚО-да 50 мың доллар пара алған шенеунік сотталды

© knb.gov.kz

2019 жылғы 3 ақпанда ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы М. Абдрахмановты жергілікті кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын қорқытып алғаны үшін қылмыс үстінде ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша 2019 жылғы 13 тамызда Өскемен қ. № 2 сотымен М. Абдрахманов кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1- тармағы ("Пара алу") бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

2019 жылғы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен бірінші инстанцияның сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram