11 қыркүйек 2017 16:12

ШҚО-да белгісіз біреулер отбасы мүшелерін байлап тастап, екі ер адамды өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bfee.ru © bfee.ru

Шығыс Қазақстан облысында қаруланған адамдар жеке үйге қарақшылық шабуыл жасады. Белгісіздер отағасына оқ атып, отбасының қалған мүшелерін байлап тастаған. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған ер адам сол жерде көз жұмған. Қарақшылар үйден миллион теңгеден аса ақшаны алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Көкпекті ауылында болған.

"11 қыркүйекке қараған түні ауылға біреулер шабуыл жасаған. Белгісіздер жеке үйге баса көктеп кіріп, үйдің иесіне оқ атып, жарақаттаған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, ал жарақат алған екінші ер адам ауруханаға жеткізілген соң көз жұмған. Қаскөйлер үйде болған екі әйелді байлап тастап, миллион теңгеден аса ақшаны ұрлап кетіп, оқиға орнынан жасырынған", - деді ШҚО ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, полициядағылар қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобының құрылғанын және ол топта ШҚО ІІД қызметкерлері мен Көкпекті аудандық ІІБ қызметкерлері бар екенін айтты.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкпекті ауданының үш тұрғыны ұсталды. Кейінірек олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта полицейлер адам өлтіру және қарақшылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети