Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері пара алғаны үшін сотталды 28 маусым 2022, 12:01

ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

"2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Олар 2021 жылғы шілде-қыркүйек аралығында алдын ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұру және жалпы қамқорлық үшін 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейін пара алды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жауапкершіліктен жалтарудың жиі қолданылатын схемасы анықталған.

"Бұдан басқа, талдау барысында инспекторлар тексеру іс-шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды. Іс жүзінде барлық жағдайларда олар тек көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды сұрау процесін тіркеді. Бақылау рәсімінің өзі тіркелген жоқ, ал қолда бар 289 бейнежазба бойынша күндер мен уақыттарда сәйкессіздіктер анықталды",- делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram