03 сәуір 2017 23:32

ШҚО-да тұрғындар мен полицей арасында атыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ar25.org © ar25.org

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жергілікті тұрғын үш ауылдасының өзіне қарулы шабуыл ұйымдастыруының құрбаны болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған көмекке полицей келіп, оқ атуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жергілікті тұрғын үш ауылдасының өзіне қарулы шабуыл ұйымдастыруының құрбаны болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған көмекке полицей келіп, оқ атуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Кейінірек атыс туралы мәліметті ШҚО ІІД растап берді. 

"Қатон-Қарағай ауданында орналасқан Үлкен Нарын ауылында бірнеше адам осы ауылдың тұрғынына дене жарақатын салған. Ол полицияның көмегіне жүгінген. Жібірленуші мен полицей бұзақыларды көлік жөндеу бекетінен тапқан. Қаруланған адамдарға полицей жақындай бергенде, бұзақылардың бірі жәбірленушіге қарай оқ атып, аяғын жаралаған. Екінші бір бұзақы суық қаруды полицейге қарай ұрған. Осы кезде ескерту ретінде оқ атқан полицей бұзақыларды табельді қаруымен жаралаған. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды. Үшінші адам оқиға орнынан қашып кеткен, жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер оны ұстады", - дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар облыстық ІІД қазіргі уақытта бұзақылық және қауіпсіздік шарасы үшін кісі өлтіру баптары бойынша, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалған. Тергеу барысын ШҚО ІІД-нің басшылығы назарына алынған. Тергеу органдары бұзақылардың осындай әрекетке баруының себебін анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети