Шығыс Қазақстан облысында болған жол апаты кезінде төрт адамның өліміне себепші болды деген күдікпен Қатонқарағай аудандық ІІБ қызметкері екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Зырян аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол
жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бойынша жүріп жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ШҚО-дағы жол апаты "Өскемен - Рахманов кілттері" автожолында болған. Күдікті Toyota Camry көлігінің тізгінін басқарыпты. Ол жолдың қарсы бағытына шыққан, сөйтіп "ВАЗ-2106" автомобилімен соқтығысты. "ВАЗ-дағы" үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, үш адамның денсаулығына зақым келді. "Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден жеңіл дәрежелі мастық анықталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, жол апаты биыл 23 қыркүйекте болды.