25 қыркүйек 2015 16:47

Шығыс Қазақстанда полицей төрт адамның өліміне себепші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pro-goroda.ru © pro-goroda.ru

Шығыс Қазақстанда полицей төрт адамның өліміне себепші болды, - деп хабарлайды YK-avto.kz.


Шығыс Қазақстанда полицей төрт адамның өліміне себепші болды, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

Порталдың мәліметінше, 23 қыркүйек күні Өскемен - Зыряновск тас жолында жол апаты болып төрт адам көз жұмды, тағы үшеуі ауруханада жатыр, арасында полицейдің өзі де бар.

"Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері Toyota Camry автокөлігімен жолдың қарсы бағытына шыққан, ол сөйтіп "ВАЗ-2106" автомобилімен соқтығысты. "ВАЗ-дағы" үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, полицей мен оның көлігінде болған бір жолаушы және "ВАЗ" автокөлігіндегі тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Полицей ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталды, ШҚО ІІД мәліметінше, қазіргі таңда оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети