01 сәуір 2020 10:02

"Шу карантинге жабылады" деген хабарлама таратқан әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілер арқылы "С понедельника 30.03.2020г. Шу закрывается на официальный карантин" деген жалған ақпарат жариялаған.

Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 30 наурызында жалған ақпарат таратқан Шу қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталды.

Ұсталған әйел осы мәліметті әлеуметтік желілерде жариялап, қателік жасағанын мойындады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағым бойынша ("Төтенше жағдай кезінде, көрінеу жалған ақпарат тарату") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети