17 наурыз 2015 11:12

Шығыс Қазақстан полицейлері іздеуде жүрген 25 қылмыскерді ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©berdsk-online.ru ©berdsk-online.ru

ШҚО полицейлері күшейтілген режимдегі "Іздестіру" операциясын өткізу барысында іздеуде жүрген 25 қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ШҚО полицейлері күшейтілген режимдегі "Іздестіру" операциясын өткізу барысында іздеуде жүрген 25 қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іздестіру" операциясы ТМД ішкі істер органдарының келісіміне сәйкес шетелде жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестіру нәтижелілігін көтеру мақсатында бұрынғы Кеңес одағының барлық аумағында өткізілді. "Аталған операцияны жүргізу кезінде ШҚО ІІД бөліністері іздеу салынған 25 қылмыскерді ұстады, оның ішінде, 7-і - шетел құқық қорғау органдарымен іздестірілгендер және ШҚО аумағында қылмыс жасағаны үшін ТМД елдерінде іздеу салынған 6 адам бар", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 

Алты адамның бірі - 14 жыл бұрын Семейде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеу салынған 43 жастағы азамат. Ол Ресейдің Новосібір қаласында ұсталды. Ол - Ресей азаматы, сондықтан халықаралық келісімдерге сәйкес, полицейлер оның ісін ресейлік әріптестеріне жолдайтын болады. Айта кетейік, операция кезінде тәртіп сақшылары хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 11 адамды да тауып алды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 15 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген адамның ұсталғаны хабарланған еді. Көлік полицейлерінің мәліметінше, ол 2000 жылы ауыр қылмыс жасаған. Ал оның алдында Астанада 18 жыл бұрын Қарағанды облысында кісі өлтірген адам ұсталды. Ұсталған адам қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети