19 қаңтар 2015 | 12:00

Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерінің ордендері мен медальдары тоналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rrnews.ru ©rrnews.ru

Шығыс Қазақстанда полицейлер Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұрланған ордендері мен медальдарын оның туыстарына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстанда полицейлер Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұрланған ордендері мен медальдарын оның туыстарына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Глубокое ауылының 35 жастағы тұрғыны Глубоков аудандық ішкі істер бөліміне ордендер мен медальдардың ұрланғаны жайлы айтып, хабар берді. Оның айтуынша, өзінің әжесі мен қарындасы тұратын көрші ауылдағы үйден қайтыс болған атасының ордендері мен медальдары жоғалған.

Полицейлердің айтуынша, ұрланған заттар - 1 және 2 дәрежелі Даңқ ордені, Ұлы Отан соғысы ордені, Құрмет ордені, сонымен қатар 7 медаль. Мұнымен қатар, көне ақша купюралары мен хандық дәуіріндегі монеталар, мерейтойлық монеталар және ардагердің мұраға қалдырған өзге де заттары жоғалған.

Үй егелері отбасылық жәдігерлердің жоғалғанын бірден байқамаған. Бірақ полицейлер бұған қарамастан күдікті азаматты анықтады. "Бағалы жәдігерлері шағым түсірген азаматтың қарындасының бұрын бірге тұрған адамы ұрлаған болып шықты. Іздестіру шараларының барысында күдікті Өскемен қаласында ұсталды. Бұған дейін тонау бойынша сотты болған 36 жастағы азамат өз кінәсін мойындады және тәртіп сақшыларына медальдар мен ордендерді өткен жылдың қараша айында ұрлағанын айтты. Бірақ ол жәдігерлерді сатып үлгермеді", - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

Ұрланған заттар отбасына қайтарылды. Ал күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада зейнеткерлерді тонаған екі күдіктінің қолға түскені хабарланған еді. Қылмыскерлер зейнеткерлерді адам аз жүретін жерге алдап шығарып, күш көрсету арқылы ақшаны тартып алып отырған. Осылайша, олар 72 жастағы қарияның 58 мың теңгесін ұрлап кетсе, сексенге таяған кейуананы 70 мың теңгесіз қалдырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети