Астанада зейнеткерлерді тонап жүргендер ұсталды

19 Маусым 2014, 11:29
0
Астанада зейнеткерлерді тонап жүргендер ұсталды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Астанада зейнеткерлерді тонаған екі күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

"Қылмыскерер "жерде жатқан әмиян" атты ескі әдіс бойынша тонап жүрген. Оған сәйкес, банкомат немесе банктен зейнетақы алған азаматтың жолына әмиян тасталады. Оны көтерген бойда "дәстүрлі спектакль" басталады: қылмыскерлердің біреуі келіп, олжаны өзара бөлісуді ұсынған. Дәл осы кезде "жоғалған" әмиянның иесі шығады. Ол алдымен өз сыбайласын тінтіп отырады. Сосын зейнеткерледің қалтасын қопарып, ақшаларын ұрлаған", - делінген ресми хабарламада.

Олай болмағанда, қылмыскерлер зейнеткерлерді адам аз жүретін жерге алдап шығарып, күш көрсету арқылы ақшаны тартып алып отырған. Осылайша, олар 72 жастағы қарияның 58 мың теңгесін ұрлап кетсе, сексенге таяған кейуананы 70 мың теңгесіз қалдырды. 

Қазіргі кезде қылмыскерлердің төрт ұрлыққа қатысы бары дәлелденді. Екеуі де уақытша қамау абақтысына тоғытылып отыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай