17 қараша 2020 08:49

Шымкент балалар ауруханасының экс-бас дәрігері бюджет қаражатына өз ауылын гүлдендірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуарбек Маймақов. © vera.kz Әнуарбек Маймақов. © vera.kz

Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін төрт жылға бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін төрт жылға бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, ол ауруханаға бөлінген ақшаны туған ауылында шырша отырғызуға, сондай-ақ ұлының жол талғамайтын көлігін жөндеуге жұмсаған. Әнуарбек Маймақов 6 миллион теңге шығын келтірген.

КТК мәліметінше, Маймақов 400 шырша сатып алған және олар оның туған күнінде отырғызылған.

Экс-бас дәрігер қаржылай астыртын әрекетін өзінің есепшісімен жасаған. Сот деректеріне сүйенсек, есепшісі аурухананы жөндеу жұмыстарына тауар сатып алуды өз туыстары арқылы іске асырып, 19 миллион теңге ұрлаған. Ол 7 жылға бостандығынан шектелді.

"Оның қызы мен оның сіңлісі - жеке кәсіпкер. Олар қызмет ұсынып, тауар жеткізіп отырғандай болған, бірақ бәрі қағаз жүзінде жасалған. Есепші ақшаны аудармаған және өзіне алған. Сот тергеуі барысында бұл сома толық өтелді", - деді Шымкент Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек Әмірбеков.

Маймақов та жымқырған сомасын қайтарған, бірақ ол өзіне тағылған кінәні мойындамады. Ол сот үкіміне шағым түсіруді жоспарлап отыр.

Әнуарбек Маймақов облыстық балалар ауруханасына 2009 жылы бас дәрігер болды. Vera.kz порталының мәліметінше, 2017 жылы мекеме ұжымы жалақыны уақытылы бермей жатыр деп прокуратуға шағымданған. 2019 жылғы қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла аурухана басшысы 38,5 миллион теңге жымқырды еген күдікке ілінгенін айтқан болатын.

2020 жылдың басында Әнуарбек Маймақовқа айып тағылды және ол үйқамаққа алынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети