09 тамыз 2023 14:15

Шымкент полицейлері саяжай аумағында “Карлсон“ болып жүрген ұрыны ұстады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте саяжайда жұмыс істеп жүрген ерекше ұры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкентте саяжайда жұмыс істеп жүрген ерекше ұры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ға бірдей мазмұнды үш арыз түскен. Зардап шеккендер – Қайнар бұлақ саяжайының аумағында орналасқан дүкен иелері. Сауда нүктелеріндегі ұрлық түнгі уақытта жасалған. Барлық жағдайда күдікті ғимараттардың шатырын ашып, төбені бұзу арқылы ішке кірген. Ұры екі дүкеннің кассасынан жалпы сомасы 130 мың теңге жымқырды. Ал үшінші кәсіпкерден смартфон, ақша және сөредегі алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін қолды еткен. Оған келтірілген шығын 1 миллион теңгеден асты.

Заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық деректерін тергеп-тексеруді аға тергеуші Бибарыс Багов қолға алды. Тәртіп сақшысы әріптестерімен бірге қылмыс орындарын, жәбірленушілердің айғақтарын мұқият зерттеп, барлық куәгерлерден жауап алды.

Аталған жайттарды ашуда бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын болып шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт ұсталып, қамауға алынды. Оның тағы екі саяжай ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Ол алғашында біреудің үйінің ауласынан велосипед ұрласа, кейін зейнеткердің үйінен ұялы телефоны мен киім-кешектерді жымқырған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс-құжаттар барлық жиналған дәлелдемелермен сотқа жолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети