17 маусым 2015 15:22

Шымкент тұрғыны айдап әкеткен көліктерін 100 мың теңгеден сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкент тұрғыны айдап әкеткен көліктерін 100 мың теңгеден сатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент тұрғыны айдап әкеткен көліктерін 100 мың теңгеден сатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қалалық полиция бөліміне оннан аса адамнан автотұрақта тұрған көліктерін белгісіз біреулердің ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. Солардың бірі - жергілікті 39 жастағы тұрғын. Ол 2014 жылы желтоқсан айының ортасында үйінің жанында тұрған құны миллион теңгеден асатын BMW 525 маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлады. 

"Алты айдан кейін әл-Фараби АІІБ ПБ жедел уәкілдерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласында бірқатар автокөлікті ұрлады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бұрын-соңды сотты болған. Күдікті полиция бөлімінде өз кінәсін мойнына алды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Тәртіп сақшылары автокөлік ұрлаушының өткен жылдың тамызы мен желтоқсан айының аралығында жасалған автокөлік ұрлығының 15 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Күдікті күзетілмейтін тұрақтарда иесінің қарауынсыз тұрған автокөліктерді кілтті таңдау арқылы ашып отырған. Ұрланған автокөліктерді төмен бағада, яғни 100 немесе 200 мың теңге көлемінде сатып, ақшаны қажетіне жаратқан.

Айта кетейік, айғақты зат ретінде 10 автокөлік пен кілттер тәркіленіп алынды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі - 15 миллион теңге. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети