21 мамыр 2020 09:12

Шымкент тұрғыны көшеде әйелін ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ер адам көшеде әйелін ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен әйелдің әпкесі Пакиза Бопинаева мәлімдеп, Instagram желісінде фото мен видео жариялаған. 


Шымкентте ер адам көшеде әйелін ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен әйелдің әпкесі Пакиза Бопинаева мәлімдеп, Instagram желісінде фото мен видео жариялаған. 

Роликтен ер адам әйелдің шашынан тартып, теуіп, балағат сөздер айтып жатқанын байқауға болады. Зардап шеккен әйелдің әпкесінің айтуынша, бұл отбасы төрт жыл бұрын шаңырақ көтерген. 

"Бұл видеоны өзім түсірдім. Адамның құқығын қорлап, өмірін ойыншық еткендер, заң алдында жауап берсе екен деймін. Ұят, ұят деп жүрдік. Бүйте берсе, адамға қастандық жасаудан да тайынбайды. Әлімжеттік жасағаны үшін заң алдында жауап бергенін қалаймын", - дейді Бопинаева.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Осы видиолар өз қолыммен түсірілген. Сонда Шарамига деген сөздің қазақшасы Бейшара деген сөз ғой, бұл адамдар осылай Адам баласын қорлап , қанын сорып, 4 жыл бір отбасы болып, бір адамның өмірі ойыншық болдыма? Мүмкін осы сөздері үшінде жауапқа тартылу керек шығар? Б- ның мамасы да бәрін біледі , әрине әркім өз баласын қорғап шығады. Бычевка деген сөз Құл деген сөз емеспа? Адамның құқығын қорлап, өмірін ойыншық еткендер, заң алдында жауап берсе екен деймін...Ұят Ұят Ұят деп жүрдік. Бүйте берсе, Адамға қастандық жасаудан да тайынбайды. ЗАҢ АЛДЫНДА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРУІН СҰРАЙМЫН.БАРЛЫҚ АДАМҒА ОСЫЛАЙ ҮН ҚАТАДЫ, СӨЗДІҢ ДИАЛОГЫ ОСЫЛАЙ БАСТАЛАДЫ.ҮНДЕМЕГЕН АДАМНАН ДА ҮН ШЫҒАДЫ.өз көзіммен көрген соң қорлағанына шыдамадым. Өз ойымды осылай жеткізгім келді.@gulmir_ktk;@agbylek.kz

Публикация от @ pakiza.bopinaeva

Артынша ол бұл оқиғаны қалалық Қаратау ауданының полициясы тергеп жатқанын хабарлады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети