Шымкентте алтын мен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

20 Тамыз, 16:16
0
Шымкентте алтын мен ақша ұрлаған күдікті ұсталды -

Шымкентте алтын мен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам пәтерлердің бірінен алтын бұйымдар, құнды сағат және ақша ұрлаған.

"Үй иесіне жалпы шамамен 900 мың теңгеге шығын келтірілді. Жайт бойынша пәтер иесі Шымкент қаласының полиция департаментіне арызданған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлерімен айғақты заттар алынып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды", - деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай