07 тамыз 2018 | 15:32

Шымкентте атышулы видеодағы ер адам тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шымкенттегі атышулы видеоның кейіпкері тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 


Шымкенттегі атышулы видеоның кейіпкері тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті полиция қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

Қара түсті автокөлік жүргізушісі қаланың дәл ортасында балағат сөздер айтқаны үшін үш күнге қамауға алынды. 

"Оқиға аяқталды. Әкімшілік сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде қаулы қабылдады. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларды сыйламады. Соттың шешімі бойынша жүргізуші үш күнге қамауға алынады", - деді полиция қызметкері телефон арқылы. 

Еске салайық, қызу талқыға салынған видео Тыныбаев көшесінде түсірілген. Полицейлердің заңсыз әрекетін әшкерелеумен танылған белсенді азамат Руслан Жанпейісов көлікті дұрыс тұраққа қоймаған полицейлерді видеоға түсіріп алған. Көліктің иесі Жанпейісовке басқа полиция қызметкерлерінің көзінше балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Сонымен қатар, оқиға орнынан қашып кету мақсатында көлігіне отырған жүргізуші Жанпейісовтың көлік бамперын соғып кеткен. Сотта жүргізуші өз кінәсін мойындады. Сот үкімі 6 тамызды шықты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети