Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам 15 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әбінұр Қарабаевқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте балаға шабуылдаған ер адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әбінұр Қарабаевқа сілтеме жасап.

"Үйдің кіреберісінде 11 жастағы баланы зорламақшы болған 33 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") 15 жылға сотталды. Соттың шешімімен ер адам жазасын максималды қауіпсіз колонияда өтеді. Бала сот отырысына қатысқан жоқ, сотқа оның заңды өкілдері қатысты. Сотталушы баланың туыстарынан кешірім сұрап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. 21 қыркүйекте 15 жылға сотталды", - деді телефон арқылы судья Қарабаев.

Еске сала кетейік, биыл шілде айында Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралған болатын. Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Әйел болса ер адамның артынан қуады. 

Ал кейінірек шабуыл құрбаны баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 494.26  course up  536.57  course up  5.51  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer